Роналдудың клубы Садио Манеге көз тігіп отыр

©globallookpress.com

Криштиану Роналду ойнайтын "Әл-Наср" мюнхендік "Баварияда" өнер көрсетіп жүрген Садио Манеге көз тігіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның твитерде жазғаны бойынша, клубтар арасындағы келіссөз аяқталып қалған көрінеді. 

"Әл-Наср" сенегалдық шабуылшы үшін 37 миллион еуро шығындауға дайын. Ал футболшының агенті келісімшарттың мән-жайын талқылап жатыр. 

Мане "Баварияға" былтыр "Ливерпульден" ауысқан. Барлық турнирдегі 38 матчта Мане германиялық клуб үшін 12 гол салып, алты нәтижелі пас берген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport