Роналдудың клубы мүлде күтпеген ойын көрсетті

©"Әл-Наср"

Сапында Криштиану Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатының ортаңқол командасы "Әл-Фейха" командасын ұта алмады. 23-тур ойыны 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Роналду бұл матчке негізгі құрамда шығып, 90 минут ойнады. Мұндай есеп көптеген жанкүйерлер үшін күтпеген нәтиже болды. 

Осы ойыннан кейін "Әл-Наср" 53 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынды сақтап қалды, дегенмен көш басындағы "Әл-Иттихадтан" енді үш ұпай қалып отыр. "Әл-Фейха" (25) тек11-орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport