Футбол
Бүгін 10:29

Роналдудың жетістігін қайталаған Кейн ЧЛ тарихына кірді

©depositphotos.com/actionsports

Мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Харри Кейн УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы негізгі кезеңнің бірінші турында норвегиялық "Буде-Глимтке" қарсы матчта (5:0) бірнеше жетістікпен көзге түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кейн Чемпиондар лигасының тарихына кірді

Бұл матчта 33 жастағы англиялық шабуылшы Чемпиондар лигасындағы 55-голын соқты. Кейн бұл межеге 71 матчта жетті. Бұл - турнир тарихындағы үшінші көрсеткіш.

Одан жылдамырақ бұл межеге тек Эрлинг Холанд (49 матч) пен Руд ван Нистелрой (70) жеткен.

Кейн Роналдудың жетістігін қайталады

Сонымен қатар Кейн өзі қатысқан Чемпиондар лигасындағы қатарынан сегізінші матчта гол соқты. Осы аралықта ағылшын шабуылшысы 10 рет мергендік танытқан.

Бұған дейін Чемпиондар лигасында қатарынан сегіз немесе одан да көп матчта гол соққан үш футболшы болған:

Криштиану Роналду - екі рет;
Роберт Левандовски - екі рет;
Руд ван Нистелрой.

Қазіргі таңда Кейн Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері тізімінде 10-орында тұр.

Тоғызыншы орында "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы шабуылшысы Руд ван Нистелрой (56 гол), ал сегізінші орында "Баварияның" экс-шабуылшысы Томас Мюллер (57 гол) орналасқан.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport