Роналдудың жаңа клубтағы дәрігерлер тексерісінен өтетін күні белгіленді

27 желтоқсан 2022 09:58
©"Чемпионат"

Сауд Арабиясының "Әл-Насср" клубы Криштиану Роналдудың дәрігерлер тексерісінен өтетін күнді белгіледі, деп хабарлайды Sports.ru сайты CBS Sports басылымына сілтеме жасап. 

Сонымен қоса, португалиялық ойыншы мен оның өкілдері үшін тоқтайтын орын жалданып қойған екен. 

Саудиялықтар қысқы трансфер кезеңіне дейін барлық мәселені шешіп алғысы келіп отыр. Жалпы келісімшарт талқыланып қойған екен, енді қалғаны футболшының шешіміне байланысты - құжатқа қол қою ғана қалыпты. 

Еске салайық, 37 жастағы шабуылшы "Манчестер Юнайтедтен" кеткеннен кейін клубсыз жүр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport