auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Роналдудың хет-тригі "Ювентусты" Чемпиондар лигасының ширек финалына шығарды

Роналдудың хет-тригі "Ювентусты" Чемпиондар лигасының ширек финалына шығарды
Reuters©
Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан командалар саны тағы екеуге артты. Туринде "Ювентус" (Италия) "Атлетиконы" (Испания) 3:0 есебімен ұтса, "Манчестер Сити" (Англия) өз алаңында "Шальке" (Германия) қақпасына жауапсыз 7 гол соқты.

"Ювентус" – "Атлетико" 3:0

Екі команда арасындағы бірінші ойында мадридтік ұжым 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қарымта ойында туриндік клубтың мысы басым болды. Қонақтар қақпасына жауапсыз 3 гол соғып, ширек финал жолдамасын иеленді.

Ойында португалдық футболшы Криштиану Роналду айрықша шебер ойынымен көзге түсті. 3 голды да өз еншісіне жазып, хет-трик жасады. Дәл осы көрсеткіш бойынша Лионель Мессимен теңесті (8 хет-трик).



Шабуылшы ойындағы бірінші голын 27 минутта соқты. Бернардески асырған допты қақпаға қорғаушыдан бұрын жетіп баспен бағыттады. Екінші голын да Роналду баспен соқты. Бұл жолы нәтижелі пасты Жоау Канселу берді. Ал кездесу аяқталар сәтте Хименес өз айып алаңында Бернардескиге қарсы ереже бұзып, бас төреші Бернд Кейперс пенальти белгіледі. Роналду бұл мүмкіндігін мүлт жібермеді. "Ювентусқа" жеңіс сыйлаған үшінші голын соқты.

Қос ойын қорытындысы бойынша италиялық команда 3:2 есебімен 1/4 финалға шықты.

"Манчестер Сити" – "Шальке" 7:0 Хосеп Гвардиола жаттықтыратын ағылшындық команда Германиядан барған клубқа азуын батырды. Алғашқы ойында да "Манчестер Сити" ұтқан. 3:2 есебімен басым болған еді. Бұл жолы "Этихадта" қонақтар қақпасына жауапсыз 7 гол соқты.

Ойында Серхио Агуэро дубль жасады. Лерой Сане, Рахим Стерлинг, Бернарду Силва, Фил Фоден мен Габриэль Жезус бір-бір голдан соғып шықты.

Айта кетейік, осыған дейін "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Порту" (Португалия), "Аякс" (Нидерланд) және "Тоттенхэм" (Англия) командалары ширек финалға шыққан болатын.

13 наурыздан 14 наурызға қараған түні "Барселона" (Испания) - "Лион" (Франция) және "Бавария" (Германия) - "Ливерпуль" (Англия) командалары арасындағы ойындар өтеді. Екі ойында да бірінші матчтары 0:0 есебімен аяқталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама