Роналдудың голы "Челсиді" 3 ұпайдан қақты
Футболдан Англия чемпионатының кейінге шегерілген 37-тур матчінде "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" клубтары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Англия чемпионатының кейінге шегерілген 37-тур матчінде "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" клубтары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Әйгілі "Олд Траффордта" өткен матчта жеңімпаз анықталмады. Кездесудің 60-минутында Маркос Алонсо қонақтарды есепте алға шығарса, араға екі минут салып Криштиану Роналду таразы басын теңестірді. Португалия құрамасының капитаны премьер-лигадағы 17-голын соққанын айта кеткен жөн.
Тартысқа толы ойында Лондоннан келген команда бас аяғы 21 соққы жасаса, алаң иелері 6 соққымен жауап берді. Ішкі біріншілікте 35 матч өткізген "қызыл сойқандар" 55 ұпаймен алтыншы орынға жайғасса, Томас Тухель жаттықтыратын "Челси" 66 ұпаймен үшінші орында келеді. Енді 2 мамыр күні "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Брентфордты" қабылдайды. Ал "Челси" болса "Эвертонға" қонаққа барады.
Жарнама