Роналдудың ескертуінен кейін ФИФА Катарда тыйым енгізді

9 желтоқсан 2022 11:46
©РИА Новости

Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының микст-аумақтарында ойыншылармен селфи жасауға тыйым салатын плакаттар пайда болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

A Bola мәліметінше, ФИФА ұйымының бұл тыйымы трансляцияға құқық сатып алғандарға ғана суретке және видеоға түсіруге рұқсат беретін ережемен байланысты. 

Топтық кезеңдегі Ганамен ойыннан кейін Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду микст-аймақтан өтіп бара жатып, "журналистер сурет қана түсіргісі келеді, сұрақтары жоқ" деп әзілдеген еді.  

Мундиаль ұйымдастырушылары осы сөзді де ескерсе керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport