Футбол
8 қараша 2023 14:21

Роналдудың досы Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

©futbik.com

Португалдық футболшы Пепе Чемпиондар лигасында гол соққан ең егде футболшы атанды. Ол түнде "Антверпен" командасына қарсы ойында екінші голды өз еншісіне жазды, деп хабарлайды Мassaget.kz.  

Қорғаушы гол соғып қана қоймай, Еуропаның басты футбол бәсекесінде рекорд орнатты. Ол 40 жас 254 күнде гол соққан ең егде футболшы құрметіне ие болды. Бұған дейін Чемпиондар лигасында гол соққан ең егде ойыншы Франческо Тотти болатын. Ол 2014 жылы ЦСКА командасына гол соққанда 38 жаста болған. 

Түнде өткен ойында "Порту" командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Пепеге дейінгі бір голды Эванилсон пенальтиден соқты. 

Пепе танымал португалдық футболшы Криштиану Роналдудың бала күннен бергі досы. Олар Мадридтің "Реал" клубында бірге ойнады. Ұлттық құрамада әлі күнге дейін қатар доп теуіп келеді.

"Н" тобында "Порту" мен "Барселона" 9 ұпаймен көш басында келеді. Кеше каталондық клубты ұтқан Донецкінің "Шахтер" командасында 6 ұпай бар. Бельгияның "Антверпен" командасы әлі бірде-бір ұпай еншілей алған жоқ. 

28 қараша күні "Шахтер" - "Антверпен", "Барселона" - "Порту" ойындары өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport