Футбол
4 қыркүйек 12:40
 

Роналдудың бапкерлікке ауысуына қатысты сөз қозғалды

  Пікірлер

blog.share

Роналдудың бапкерлікке ауысуына қатысты сөз қозғалды ©"Әл-Наср" ФК

"Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы шабуылшысы Майкл Оуэн португалиялық Криштиану Роналду футболшы карьерасын аяқтаған соң мықты бапкер бола алады деген ойда. 

blog.share

"Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы шабуылшысы Майкл Оуэн португалиялық Криштиану Роналду футболшы карьерасын аяқтаған соң мықты бапкер бола алады деген ойда. 

Қазір 39 жастағы Роналду "Әл-Наср" сапында өнер көрсетеді. Оның саудиялықтармен келісімшарты 2025 жылғы дейін жасалған. 

"Криштиану зейнетке шыққанда не істейтінін білгім келеді. Сыртынан бақыласаң, Португалия құрамасына жетекшілік еткісі келетін сияқты, Еуро-2016 турнирдегідей. Роналду сыртынан бапкер сияқты көрінеді, жаттықтырғысы келетін сияқты. Мүмкін алда оның аты бапкерлер тізімінде болатын да шығар. Егер өзін жақсы көрсетсе, оған "Манчестер Юнайтед" пен "Реал" сияқты командалар назарын салады", - деп береді Оуэннің сөзін TVSporten.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!