Футбол
11 желтоқсан 2022 16:44
 
Роналдудың әйелі Португалия құрамасының бас бапкерін сынға алды

  Пікірлер

blog.share

Роналдудың әйелі Португалия құрамасының бас бапкерін сынға алды ©instagram.com/georginagio

Кришитиану Роналдудың әйелі Джорджина Родригес Португалия әлем чемпионатының ширек финалында Мароккодан жеңіліп қалғаннан кейін құраманың бас бапкері Фернанду Сантушты сынға алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Доха қаласында "Әл-Тумама" стадионында өткен ойын 0:1 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта Юссеф Эн-Нессири соқты. Ал Роналду алаңға 51-минутта шықты. 

"Бүгін сенің досың әрі бапкерің қате шешім шығарды. Ол досың туралы сен үнемі жақсы сөз айтушы едің. Ол әлемдегі ең мықты футболшыны дұрыс бағалай алмады. Өмірде біз алар сабақ көп. Бүгін біз жеңілген жоқпыз, тек кезекті сабақ алдық", - деп жазды Джордина әлеуметтік желісінде. 

Айта кетейік, енді Марокко құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Франциямен кездеседі. Бұл ойын 14 желтоқсан күні өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!