Роналдудың анасы Криштиануға жүкті болғанда аборт жасатпақ болған

©iSport

Криштиану Роналдудың әпкесі Катя Авейру әлеуметтік желіде отбасында болған оқиға туралы жазды. Постта ол аналары Долореш Криштиануға жүкті болғанда аборт жасату мүмкіндігін қарастырған екен, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Криштиану қиын уақытта дүниеге келді. Анамыз, Долореш өте қиын уақытта босанды, отбасында ішуге ас жетпейтін. 

Долореш аборт жасағысы келді, бірақ оны бірдеңе тоқтатып қалды. 39 жыл бұрын ол ешкімнің сөзіне қарамастан шешім қабылдады да, дүниеге сәби келді", - деп жазыпты Катя Авейру.

38 жастағы Роналду 1985 жылы 5 ақпанда Фуншалда (Португалия) дүниеге келген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport