Роналдудың "Алтын доп" номинациясында қай орын алғаны белгілі болды

©УЕФА

Криштиану Роналду "Алтын доп" номинациясында 20-орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Өткен жылы Роналду "Манчестер Юнайтед" сапында 30 ойын өткізіп, 18 гол салды. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасында өткізген 7 матчта 6 гол салды. Португалия құрамасының капитаны спорттық карьерасында "Алтын допты" 2008, 2013, 2014 және 2016 жылдары иеленген. 

Еске салайық, биылғы "Алтын доптың" басты фавориті Карим Бензема. Жылдың үздігін анықтау рәсімі елорда уақытымен түнгі сағат 00:30-да басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар