Роналдудың "Әл-Насрмен" келісімшартының тосын жақтары айтылды

23 желтоқсан 2022 09:37
©Marca коллажы

Криштиану Роналдуға "Әл-Наср" клубы ұсынып отырған келісімшарт 2030 жылға дейін есептелген екен, деп хабарлайды Marca. Португалиялық футболшыға ресми ұсыныс бүгін жасалуы мүмкін. 

Келісім бойынша Роналдуға футболшы ретінде тағы 2,5 жыл ойнауға ұсыныс жасалады, одан кейін ол 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Сауд Арабиясы, Грекия мен Мысыр беретін ортақ өтініш елшісі бола алады. 

Егер Роналду бұған келіссе, арабиялық клуб үш ойыншыны сапынан шығармақ.  

Еске салайық, мұның алдында 2025 жылға дейін "Әл-Наср" Роналдуға жылына 200 миллион еуро төлеуге дайын екені белгілі болды. Ал енді 2030 жылы ӘЧ-ге сұраныс елшісі болса Криштиануға үстеме ақы төленбек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport