Криштиану Роналдуды және оның отбасын балағаттаған "Порту" қызметкері жазаланады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Португалия футбол федерациясы "Драгау" стадионының дикторына 1430 еуро айыппұл салды. Еске салайық, Чемпиондар Лигасының 1/8 финалынан кейін Фернандо Сауль инстаграм-парақшасында "Біз италиялық ұрылардан, "Драгау" стадионында жасаған әрекеті үшін шошқа Роналдудан кегімізді қайтардық. Енді Долорес пен оның отбасынан видео күтемін!" делінген.