Роналдуды қоспады. Неймар қазіргі таңдағы ең мықты футболшыларды атады

© Soccernews.ru
ПСЖ мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар қазіргі таңда әлемдегі ең мықты футболшыларды атады, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Неймар пікірінше, "Барселонадағы" Лионель Месси мен Луис Суарес, клубтасы Килиан Мбаппе, "Манчестер Юнайтед" жартылай қорғаушысы Поль Погба мен "Реал" форварды Эден Азар қазір бабындағы мықтылар.

Ал оның ТОП-5 тізімінде Неймардың ешбір отандасы мен "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдуға орын табылмапты.

Айта кетейік, биылғы Франция чемпионатында 28 жастағы форвард 14 матчте ойнап, 13 гол салды.
Жаңалықтар