Роналду "Ювентусте" өзіне сенімді серік болатын футболшы тапты

© sportbox.ru
Миландық "Интер" шабуылшысы Мауро Икарди карьерасын туриндік "Ювентусте" жалғастыруы мүмкін.

La Gazzetta dello Sport ақпаратынша, "Ювентус" форварды Криштиану Роналду 26 жастағы аргентиналықтың командаға қосылуын мақұлдаған. Португалиялықтың ойынша, Икарди шабуыл аяқтауда кеңістік қалдыра алатындықтан мінсіз серіктес болуы ықтимал. 

Алайда бұған дейін "Ювентуске" шабуылшы Пауло Дибаланың болашағына қатысты шешім қабылдау қажет. "Манчестер Юнайтедке" ауыса қалмай қалған Дибалаға енді ПСЖ қызығып отырған көрінеді. 

Мұның алдында Икарди "Интерден" кеткісі келмейтіні хабарланған, ал кулб оны келісішарты аяқталғанша алаңға шығармай ұстауға дайын.

2018/19 маусымында аргентиналық "Интермен" А Сериясында 29 матчте ойнап, 11 гол салды және төрт нәтижелі пас берді.