Туринде өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Деян Кулусевски (13-ші минут), Леонардо Бонуччи (78) және Криштиану Роналду (88) гол салды.
Осы матчтен кейін туриндік клуб үш ұпаймен турнир кестесінде екінші келеді. Бірінші орында қосымша көрсеткіштер арқасында "Дженоа" тұр. Ал "Сампдория" соңғы - 20-шы орында.
27 қыркүйекте өтетін екінші турда "Ювентус" сырт алаңда "Ромамен" ойнайды, ал "Сампдория" одан бір күн бұрын өз алаңында "Беневенто" командасын қабылдайды.
Айта кетейік, өткен маусымда "Ювентус" А сериясының жеңімпазы болған.