Роналду "Ювентус" сапында келісімшарты аяқталғанша қалады

сурет: globallookpress

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду 2022 жылға дейін италиялык клубта қалуға ниетті. Бұл жайында La Gazette dello Sport басылымы жазып отыр.

Басылымның хабарлауынша, португалиялық форвард команда басшылығына келісімшарты аяқталғанша қалғысы келетінін жеткізген.

Еске салайық, Роналду "Ювентус" сапына 2018 жылы ауысқан. 36 жастағы ойыншы өткен маусымда А сериясында 29 гол соғып, үздік сұрмерген атанды.

Метки:
Жаңалықтар