Криштиану Роналдудың 14 жастағы ұлы жасөсіпірмдер арасындағы турнир финалында бірден екі гол соқты. Осылай кіші Криштиану Португалия құрамасы (U-15) үшін алғаш рет гол салып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған әкесінің реакциясы қысқа болса да, әсерлі болды: ол ұлының дубль жасаған видеосын жариялап, оған оттың үш эмодзиін блгілеген. Жас Роналду голдарының бірін әкесінің әйгілі қимылымен атап өтті.
Euro-Football.ru мәліметінше, Еуропаның жетекші клубтарының скауттары жас шабуылшыны мұқият қадағалап жүр. Оны қазірдің өзінде бірнеше танымал футбол академиясы назарында ұстап отырған көрінеді.
Маусым айында кіші Криштиану 15 жасқа толады және бұл Роналду әулетінің жаңа тарауының бастаы болуы ықттмал.
Клубтық деңгейде кіші Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" академиясында шыңдап жатыр. Ал клубтың негізгі құрамында оның әкесі – футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі – өнер көрсетуде.