Роналду Тәжікстанда, Бензема және Неймар Өзбекстанда ойнайды

©

Куала-Лумпурда (Малайзия) 2023/2024 маусымындағы азиялық Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қорытындысы бойынша, осы жазда Карим Бензема ауысып барған "Әл-Иттихад" Иран, Ирак және Өзбекстан командаларымен ойнайды.

Ал сапына бразилия құрамасының шабулышысы Неймар өткен "Әл-Хиләл" Иран, Үндістан және Өзбекстан клубтарымен сынға түседі. 

Криштиану Роналду өнер көрсетіп жүрген "Әл-Наср" Иран, Катар және Тәжікстандық командаларға қарсы ойнайды.

Азиялық ЧЛ жеребесінің қорытындысы. Аймақ "Батыс":

А тобы: "Пахтакор" (Өзбекстан), "Әл-Фейха" (Сауд Арабиясы), "Ахал" (Түркменстан), "Әл-Айн" (БАӘ);

B тобы: "Әл-Садд" (Катар), "Насаф" (Өзбекстан), "Әл-Файсали" (Иордания), "Шарджа" (БАӘ);

C тобы: "Әл-Иттихад" (Сауд Арабиясы), "Сепахан" (Иран), "Әл-Кува" (Ирак), АГМК (Өзбекстан);

D тобы: "Әл-Хиләл" (Сауд Арабиясы), "Нассаджи Мазандаран" (Иран), "Мумбаи Сити" (Үндістан), "Навбахор" (Өзбекстан);

E тобы: "Персеполис" (Иран), "Әл-Духаил" (Катар), "Истиклол" (Тәжікстан), "Әл-Наср" (Сауд Арабиясы).

Топтық кезең 18 қыркүйек пен 13 желтоқсан аралығы өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар