Роналду табысы ең жоғары футболшылар тізімінде Мессиден асып түсті

22 қыркүйек 2021 12:06
©ВВС

Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедке" ауысып, Forbes нұсқасы бойынша табысы ең жоғары футболшылар тізімінде көш бастады, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы Goal басылымына сілтеме жасап. 

Роналду 106,6 миллион еуромен бірінші орында, оның 59,7 миллионы айлық пен "Олд Траффордқа" оралғаны үшін үстемақы. 

Тізімде Роналдудан кейін 93,8 миллионмен Месси тұр, ал "Пари Сен-Жермендегі" оның командаластары Неймар (81 миллион) және Килиан Мбаппе (36,7 миллион) үш және төртінші орынды бөліп алды. 

Ең үлкен еңбекақы алатын футболшылардың ондығы:

Криштиану Роналду ("МЮ") - 106,6 миллион еуро;
Лионель Месси (ПСЖ) - 93,8 миллион;
Неймар (ПСЖ) - 81 миллион;
Килиан Мбаппе (ПСЖ) - 36,7 миллион;
Мохамед Салах ("Ливерпуль") - 35 миллион;
Роберт Левандовски ("Бавария") - 29,8 миллион;
Андрес Иньеста ("Виссел Кобе") - 29,8 миллион;
Поль Погба (МЮ) - 29 миллион;
Гарет Бэйл ("Реал Мадрид") - 27,3 миллион;
Эден Азар ("Реал Мадрид") - 24,7 миллион.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар