Сапында Криштиану Роналду ойнайтын "Әл-Наср" Сауд Арбиясы кубогінен шығып қалды. Турнирдің 1/2 финалында команда "Әл-Вехда" клубынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Әл-Наср" өз алаңында 0:1 есебімен есе жіберді. 23-минутта шешуші голды Жан-Давид Бугель салды. Оның үстіне "Әл-Вехда" 53-минутта Абдулла Әл-Хафит алаңнан қуылғаннан кейін азшылықта ойнаған болатын.
Роналду матчты толық ойнады, алайда еш нәтижелі әрекет жасай алмады.
Енді "Әл-Вехда" Сауд Арабиясы кубогінің финалында "Әл-Хиләлмен" ойнайды.