Португалдық футболшы Криштиану Роналду жарақатынан кейінгі емін аяқтап, Испаниядан Сауд Арабиясы еліне қайта оралды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін футболшы "Аль-Фейхаға" қарсы өткен матчта (28 ақпанда) сан бұлшықетін жарақаттап алғаны жайлы айтылған. Соны емдету үшін Испанияға қайтқан еді. Мұны кей басылымдар Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты деп те жазған.
«Қайта оралғаныма қуаныштымын», - деп жазды футболшы Instagram-дағы ресми парақшасында.
Клубтың бас бапкері Жорже Жезуш футболшының Мадридке жеке дәрігеріне қаралу үшін барғанын айтқан еді. Қазіргі маусымда 41 жастағы Роналду 26 матчта 22 гол соғып үлгерді.
"Аль-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатында 26 турдан кейін көш бастап келеді.
Жарнама