auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Роналду "Реалға" оралуы мүмкін. Футболшыға Саудияда не ұнамады?

Роналду "Реалға" оралуы мүмкін. Футболшыға Саудияда не ұнамады?
©instagram.com/portugal/

Танымал футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясындағы мансабын аяқтап, Мадридтің "Реалына" қайта оралуы мүмкін. El Nacional басылымынвң ақпараты бойынша, футболшы араб жерінде көптеген қиындықты басынан өткеруде.

Роналду Сауд Арабиясына бейімделе алмауда. Мұсылман мемлекетінің кей заңдары футболшы мен отбасы мүшелерінің кей қылықтарына қарама-қайшы келеді. Одан кейін ойыншыға тіл үйреніп, пікір алмасуда да қиындықтар көп. Егер араб командасынан ертерек қайтудың жолын тапса, футболшыны "Реал" президенті Флорентино Перес құшақ жая қарсы алуға әзір. Бірақ Роналду келісімшартты қайтпек?

Футболшының араб жеріндегі алғашқы айы тамаша өтті. Тіпті жанкүйерлер оның "Әл-Наср" командасына ауысқанына сене де қойған жоқ. Кейіннен баспасөз беттерінде әйелі Джорджина Родригестің жергілікті заң ережелеріне бағынбай, ашық киінгені жайлы ақпар тарады. Бұл мұсылман мемлекетіндегі ережені сақтамағаны үшін айыппұл салынуы керек болған. Сауд Арабиясында 2019 жылдан бері қоғамдық орындарда жабық киіну жайлы заң бар. Алайда бұл дау басылып, айыппұл төлеген жоқ. Бірақ Роналдудың әйелі өзінің образын паш етіп, ара-тұра сән әлеміндегі стилін сақтағысы келетіні жасырын емес.

Наурыз айының басында Роналду "Әл-Батен" командасымен өткен ойыннан кейін жанкүйерлер қысымына қызуқанды жауап беріп, ерсі қылық жасады. Бұл да БАҚ назарынан тыс қалмады. Ал сәуір айының ортасында "Әл-Фейха" командасымен болған ойында қарсыластарына қатты сөйлеп, ойынның шырқын бұзды деп айыпталды.

Сәуір айында "Әл-Наср" командасының бас жаттықтырушысы Руди Гарсия қызметінен босатылды. Оған Роналдудың тікелей қатысы бар деп айтылды. Себебі француз маманы жұмысына ойыншының көңілі толмаған деседі. Алайда португалиялық әлеуметтік желісінде жазба жариялап, бас жаттықтырушымен жылы қоштасты.

"Әл-Хилал" командасына қарсы өткен ойыннан кейін Роналду тағы да сын құрығына ілікті. Бұл жолы кездесуден кейін "Месси, Месси" деп айқайлаған жанкүйерлер тобына қарап анайы қылық көрсеткен. Бұл үшін араб адвокаты Нуф бин Ахмед ойыншыны сотқа беру керек деп мәлімдеді.

Араға бірер күн сала "Әл-Наср" Сауд Арабиясы кубогы жолындағы ойында "Әл-Вахда" командасынан ұтылды. Бірінші таймнан кейін Криштиану мен команда жаттықтырушылары сөзге келіп қалған. Қарсылас команда ойыншылары да танымал футболшының алаңдағы әрекетіне (командаластарына айқайлаған) таңданыстарын білдірді.

Батыстық басылымдар кейінгі уақытта Роналду әйелімен ажырасқалы жатыр деп жиі жаза бастады. Оған себеп – Родригестің сауда орындарына көп барып, қыруар қаржы жарататыны. Алайда ойыншы бұл алып-қашпа ақпаратқа жауап ретінде әлеуметтік желісінде әйелімен "Махаббат үшін" деп жазба жариялады.

Роналду Сауд Арабиясындағы бес ай ішінде бірнеше рет жағымсыз жағдайларға тап болды. Алайда әлемде ең көп жалақы алатын ойыншы ретінде танытқан "Әл-Наср" командасымен келісімшартты ерте аяқтауы да екіталай. Әлде "Реалдың" ұсынысы футболшыны қызықтырар ма екен? Бірақ қандай қызметке келеді? Футболшы ретінде, әлде El Nacional жазғандай клуб амбассадоры бола ма?

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама