"Әл-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатының 26-турында "Абху" командасын 8:0 есебімен ойсырата ұтты, деп жазады Vesti.kz.
Жеңімпаздар сапынан Криштиану Роналду хет-трик (11, 21 және 42-минут) жасады, Садио Мане (33), Абдулмаджид әл-Сулайхим (44), Абдулрахман Гариб (51) гол салды және Абдулазиза әл-Аливы дубль (63 және 86-минут) орындады.
Роналду екінші матч қатарынан хет-трик жасап отыр, бұған дейін "Әл-Таи" командасымен матчте (5:1) үш гол салған. Кейінгі рет португалиялық шабуылшы мұндайды 2015 жылы "Реалда" жасғаан еді. Ол кезде үш күн ішінде Ла Лигада "Эспаньол" және Чемпионадар лигасында "Шахтер" қақпасына үш голдан салған.