Роналду ПСЖ сапына ауысқан жағдайда Мессидің не істейтіні белгілі болды

©ufaved

ПСЖ шабуылшысы Лионель Мессидің "Манчестер Юнайтед" ойыншысы Криштиану Роналдудың париждік клубқа ауысуына қатысты ойы белгілі болды, деп жазады El Nacional.

Португалиялық форвард ПСЖ сапына ауысқан жағдайда Мессидің кететіні анықталды. Ал 37 жастағы Роналду керісінше, аргентиналықпен бір командада ойнауға қарсы емес.

Өткен маусымда ПСЖ президенті Әл-Хелаифи Роналдуды қатарға қосқысы келген. Алайда түрлі себептермен Криштиану "қызыл сойқандарға" ауысты. Әл-Хелаифидің айтуынша, Мессидің келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған және келісімді одан артық создырмайды екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport