Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентинамен болуы мүмкін кездесу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Роналдудың айтуынша, қазіргі әлем чемпиондарына қарсы ойнау қызықты болар еді. Алайда дәл қазір португалиялықтар алдағы міндеттерге назар аударып отыр.
"Бұл тамаша болар еді, бірақ бүгінгі ең маңыздысы – жеңіске жетіп, топтан шығу болды. Келесі кезеңге дайын болуымыз керек. Алдымызда Колумбияға қарсы қиын матч күтіп тұр. Бірақ басты мақсат – келесі кезеңге өту еді, біз оны орындадық. Мен командама көмектестім, команда да өте жақсы ойнады. Енді алға қарай жылжимыз", – деп келтіреді Роналдудың сөзін A Bola.
Еске салайық, Роналду әлем чемпионатының K тобындағы екінші турда Өзбекстан қақпасына екі гол соғып, Португалияның 5:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.
Осылайша, 41 жастағы шабуылшының әлем чемпионаттарындағы гол саны 10-ға жетті.
Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы турда Португалия 28 маусымда Колумбиямен кездеседі. Ал Өзбекстан құрамасы дәл осы күні Конго Демократиялық Республикасына қарсы ойнайды.
К тобының турнирлік кестесі:
• Колумбия – 6 ұпай;
• Португалия – 4 ұпай;
• Конго ДР – 1 ұпай;
• Өзбекстан – 0 ұпай.