Роналду Португалия құрамасындағы болашағына қатысты шешім қабылдады
©"Чемпионат"
Криштиану Роналдудың Португалия құрамасына қатысты шешімі белгілі болды, деп хабарлайды Correio da Manhã.
Криштиану Роналдудың Португалия құрамасына қатысты шешімі белгілі болды, деп хабарлайды Correio da Manhã.
37 жастағы футболшы 2022 жылғы ӘЧ-дегі сәтсіздікке қарамастан командадан кетпек емес. Мәлімет бойынша, футболшы ұлттық құрамасымен бірге Еуро-2024 турнирінде өнер көрсетпек.
Алайда бәрі Фернанду Сантуштың болашағына байланысты, маман құрамадан кетуі ықтимал. Шабуылшы бабының тайып бара жатқанын біледі, дегенмен бұған маусым алды ойындарды өткізіп алғаны мен "Манчестер Юнайтедтегі" ойын уақытының аздығы себеп болды деген ойда.
Катардағы ӘЧ-де Португалия 1/4 финалда Мароккодан ұтылып (0:1), жарыстан шығып қалған еді.
Жарнама