Футбол
18 қараша 2019 16:57
 
Роналду Погба мен "Реала" форвардын "Ювентуске" алуды сұрады

  Пікірлер

blog.share

Роналду Погба мен "Реала" форвардын "Ювентуске" алуды сұрады © footballua.tv

Туриндік "Ювентус" форварды Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедтің" жартылай шабуылшысы Поль Погбаны командаласы ретінде көргісі келеді, - деп хабарлайды El Mundo Deportivo басылымы Tuttosport порталына сілтеме жасап.

Роналду "Ювентус" басшылығынан франциялық хавбекті алуын сұраған көрінеді.

Осы маусымда Погба алты матчте ойнап, екі нәтижелі пас берді. Қазіргі таңда ол жарақатын емдеп жатыр. Оның англиялық клубпен келісімшарты 2021 жылға дейін.

Сонымен қоса, Роналду "Реал" форварды Карим Бенземаны да командасында болғанын қалайды. Don Balon мәліметінше, португалиялық футболшыға оның мадридтік клубта тіл табыса ойнағаны ұнайтын, Роналдудың ойынша, Бензема Туринге келсе, нәтижесін жақсарта алады. 

Алайда Зинедин Зидан "Реалдан" Бенземаны жібермек емес - бұл маусымда ол Ла Лиганың 11 матчінде тоғыз гол салды. Франциялық футболшы "Реал" сапында 2009 жылдан ойнап келеді, ал оның келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген. 

Жарнама

Живи спортом!