Роналду ойнайтын команданың бәсекелесі Мбаппеге қыруар ақша ұсынды

©instagram.com/k.mbappe/

Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" футбол клубы ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппеге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

RMC Sport мәліметінше, саудиялықтар Мбаппеге жылына 200 миллион еуро ақысымен екі жыл ойнауға шақырыпты.

Италиялық журналист Танкреди Палмеридің сөзінше, Мбаппе қаласа "Әл-Хиләл" оны бір жылдан кейін де жібере салуға дайын. Бірақ онда да форвард тек мадридтік "Реалға" баруы тиіс болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport