"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду дүниеге келген сәбиінің шетінегенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Ұлымыз дүние есігін аша салып шетінеп кеткендігін зор өкінішпен бөлісуге тура келіп тұр. Тек кішкентай қызымыздың аман-есен туғаны көңілге медеу. Дәрігерлер мен медбикелерге үлкен жұмыс атқарғанына алғысымды айтамын. Басымызға қиын жағдай түскенде бізді мазаламауларыңызды сұраймыз. Біздің ұлымыз – біздің кішкентай періштеміз. Біз сені әрқашан жақсы көреміз", - деп жазды португалиялық форвард.
Еске салайық, 37 жастағы шабуылшының төрт баласы бар: кіші Криштиану Роналду, Ева мен Матео, сонымен қатар, Алана Мартина.
Қазір бірге тұрып жатқан Джорджина Родригес пен Роналду 2021 жылдың күзінде егіз күтіп жүргендерін хабарлаған еді.