Роналду "МЮ" бапкері Ральф Рангниктің деңгейі төмен деп есептейді

©Reuters

As басылымының мәлімдеуінше, португалиялық шабуылшы Ральф Рангниктің "Манчестер Юнайтедті" басқаратындай деңгеде емес деп есептейді. Өз кезегінде неміс бапкері де Роналдудың ойынына көңілі толмай жүр екен. Сонымен қоса, клубтың белді футболшылары жаңадан келген жаттықтырушыны қолдамайтындары жайлы жазған.

Криштиану Роналду 2022 жылы "қызыл сойқандар" сапында өткізген соңғы алты матчта гол соқпай келеді. Биылғы маусымда Премьер-лигада өткізген 20 кездесуде Роналду 8 гол салды. Англия чемпионатында "Манчестер Юнайтед" 40 ұпаймен турнир кестесінің бесінші орнына жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport