Роналду Мессимен бақталастықтың біткенін мәлімдеді

©goal.com

"Әл-Наср" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду аргентиналық Лионель Мессиді бәсекелес деп есептемейтінін айтады. 

"Мессидің сүйетіндер Роналдуды жек көреді, ал Роналдуды ұнататындар Мессиді жек көре ме? Мен ондайды көріп жүргенім жоқ, бақталастық бітті. Бұл кезінде көрермендерге ұнайтын. Бірақ сізге Роналду ұнаса, Мессиді жек көру міндет емес. 

Екеуміз де мықтымыз және футбол тарихын өзгерттік. Бізді бүкіл әлемде құрметтейді, міне бастысы осы. Әркім өз жолымен келеді. Мұрамыз жалғасып келеді, ал бәсеке - олай деп ойламаймын. Біз 15 жыл қатарлас жүрдік, дос болвп кеттік дей алмаймын, бірақ бір-бірімізді сыйлаймыз", - деп береді Роналдудың сөзін SAPO Desporto.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport