Роналду Мессиге қарсы матчте екі клуб ойыншыларының капитаны болады

©Twitter/AlNassr FC

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ПСЖ-ға қарсы ойында "Әл-Наср" мен "Әл-Хиләл" жұлдыздарынан құралған команданың капитаны болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл матч 19 қаңтар Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтеді. Ойынға франциялық клубта өнер көрсететін Лионель Месси де қатысу керек. 

Роналдуға қолға тағатын капитан белгісін Сауд арабиясының ойын-сауық бойынша бас басқармасының жетекшісі әрі "Альмерия" клубының қожайыны Турки Әл аш-Шейх табыс етті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport