Роналду Месси барған АҚШ чемпионатына қатысты ойын ашық айтты

©"Әл-Наср" ФК

Сауд Арабиясының чемпионаты америкалық МЛС-тен әлдеқайда жақсы. Португалиялық футболшы Криштиану Роналду осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Роналду "Әл-Наср" сапына қыста өткен. Ал жуырда АҚШ чемпионатындағы "Интер Майами" клубына аргентиналық Лионель Месси қосылды. 

"Саудиялық лига MLS-тен жақсы. Мен ешбір еуропалық клубқа оралмайтыныма жүз пайызға сенімдімін. Мен Сауд Арабиясы лигасына жол аштым... енді барлық ойыншылар осында келіп жатыр. Бір жылдан кейін Сауд Арабиясының лигасы түркиялық және Нидерланды лигасын басып озады", - деп береді Роналдудың сөзін инсайдер Фабрицио Романо.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport