Футбол
4 маусым 2020 15:10

Роналду мен Месси карантин кезінде де миллиондап табыс тапқан

Сурет: UA-Football
Пандемия кезінде спортшылар Instagram желісі арқылы қанша табыс көргені белгілі болды. Daily Mail мәліметінше, Криштиану Роналду, Лионель Месси мен Неймар осы әлеуметтік желі арқылы 12 наурыз бен 14 мамыр аралығы миллионнан аса пайда тапқан.

Аталған футболшылардың әрқайсысы осы екі айда демеушілерден төрт жарнамалық пост жариялаған. 219 миллион жазылушысы бар португалиялық бұдан 2,1 миллион еуро кіріс көрді, аргентиналық (151 миллион жазылушы) - 1,45 миллион еуро, а бразилиялық (138 миллион жазылушы) - 1,33 миллион еуро. Осылайша, әр посттан Роналду 526 мың еуро, Месси - 363, ал Неймар - 333 мың табыс көрген.

Бұл тізімде төртінші 2011 жылы карьерасын аяқтаған баскетболшы Шакил О’Нил тұр екен - (17 миллион жазылушы) әр постына 40,8 мың еуро.

Сондай-ақ, алғашқы ондықта Дэвид Бекхэм (453 мың еуро), үндістандық крикетші Вират Кохли (424), Златан Ибрагимович (206), бұрынғы баскетболшы Дуэйн Уэйд (128), Дани Алвес (120) және британиялық боксшы Энтони Джошуа (109). Спортшылардың ешқайсысы бес посттан артық жарияламағанын айта кетейік.