Футбол
2 қазан 2020 11:20

Роналду мен Месси Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде бір-біріне қарсы ойнайды

Сурет: AFP
Швейцарияда УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Ол бойынша "Барселона" мен "Ювентус" бір топқа түсті. Осылайша, Лионель Месси мен Криштиану Роналду бірінші рет бір-бірімен топтық кезеңде ойнайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Ювентус" пен "Барселона" G тобына түсті, мұнда тағы киевтік "Динамо" мен венгриялық "Ференцварош" бар.

Ал Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы "Бавария" А тобында мадридтік "Атлетико", австриялық "Зальцбург" және ресейлік "Локомотивпен" ойнайды.

Жеребе бойынша анықталған топтардың толық тізімі:

А тобы: "Бавария", "Атлетико", "Зальцбург", "Локомотив".

B: "Реал", "Шахтер", "Интер", "Боруссия" М.

C: "Порту", "Манчестер Сити", "Олимпиакос", "Марсель".

D: "Ливерпуль", "Аякс", "Аталанта", "Мидтьюллан".

E: "Севилья", "Челси", "Краснодар", "Ренн".

F: "Зенит", "Боруссия" Д, "Лацио", "Брюгге".

G: "Ювентус", "Барселона", "Динамо" Киев, "Ференцварош".

H: "ПСЖ, "Манчестер Юнайтед", "РБ Лейпциг", "Истанбул Башакшехир".

Топтық кезең матчтері 20-21 және 27-28 қазан, 3-4 және 24-25 қараша, сондай-ақ, 1-2 және 8-9 желтоқсанда өтеді.