Роналду мен Мбаппе бір-біріне қарсы ойнайды. Еурода суперматч өтеді

©UEFA

Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 турнирінде ширек финалда ойнайтын тағы бір жұп команда анықталды. Ол Франция мен Португалия болды. 

Франция құрамасы 1/8 финалда Бельгияны 1:0 есебімен автогол арқасында ұтты. Ал Португалия пенальтиде Словенияны ұтты. 

Еске салайық, Франция сапында Килиан Мбаппе, ал Португалия үшін Криштиану Роналду ойнайды. Франция мен Португалия арасындағы 1/4 финал матчі 6 шілдеге қараған түні болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: