Криштиану Роналду Қатардағы әлем чемпионатының 1/4 финалында Марокко командасына қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықпайды, деп жазады A Bola.
Оның орнына шабуылшы Гонсалу Рамуш шығады.
Осыған дейінгі ойында Рамуш Роналдудың орнына алғашқы минуттан бастап Швейцария (6:1) командасына қарсы алаңға шығып хет-трик авторы атанды.
Бұл жолы да португалиялықтардың бапкерлік штабы өзгеріс енгізбей Роналдуды қосалқы құрамда қалдыруды көздеп отыр.
Швейцариямен өткен кездесуде Криштиану алаңға тек 73-минутта шығып гол сала алмады.
Сол матчтан кейін Роналду мен бас бапкер Фернанду Сантуш арасында кикілжің пайда болды деседі. Нәтижесінде капитан негізгі құрамда ойнамаған жағдайда мундиальдың ортасынан кетіп қалатынын айтқан.