Футбол
Бүгін 08:28

Роналду мансабындағы 970-ші голын соқты

©"Әл-Наср" ФК

"Әл-Наср" командасының португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 970-голын соқты, деп хабарлайды Vesti.kz

Сауд Арабиясы чемпионатының 30-турында "Әл-Наср" өз алаңында "Әл-Ахлимен" кездесті. Ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Матчтағы бірінші голды 76-минутта Роналду соғып, есеп ашты. Ал ойын аяқталар тұста Кингсли Коман екінші голды еншісіне жазды. 

30 турдан кейін "Әл-Наср" турнир көшін (78 ұпай) бастап тұр. Екінші орындағы "Әл-Хилалдан" 8 ұпайға озып келеді. Алайда олардың бір кем ойыны бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport