Роналду "Манчестер Юнайтедтен" кететіні туралы сыбысқа пікір білдірді

©Reuters

"Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің ағылшындық командадан кетеді деген сыбысқа байланысты пікір білдірді. 

"Мен туралы ақпарат жазбаған бірде-бір күн болмады. Мен туралы жазбаса тілшілер ақша таба алмай қалады. Егер тілшілер өтірік айтпаса, оқырманның назарын өзіне аудара алмай қалады. Осылай жалғастыра беріңіздер. Бір күні шындықты жазып та қалатын шығарсыздар", - деді Роналду әлеуметтік желісінде. 

Айта кетейік, бұған дейін Роналду "Манчестер Юнайтедтің" 30 шілдеге жоспарланған "Атлетико" командасына қарсы жолдастық кездесуге қатыспайтыны белгілі болды. Бірақ шабуылшы 31 шілде күні "Райо Вальеканоға" қарсы ойынға қатысады. 

Еске салайық, Португалия құрамасының шабуылшысы "Атлетикоға" ауысады деген ақпарат шаққан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport