Роналду қыста "МЮ" командасынан кетуі мүмкін

27 қыркүйек 2022 17:49
©"МЮ" ФК

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду қысқы трансферлік кезеңде командадан кетуі мүмкін, деп жазады Manchester Evening News порталы. 

Португалиялық шабуылшы жазда командадан кеткісі келген еді. Бірақ жаңа команда таба алмады. 

Енді ол қысқы трансферлік кезеңде ағылшындық ұжымнан кетуі керек. Алайда шабуылшы әлі нақты шешім қабылдамаған. 

Дегенмен "МЮ" Роналдуды қыста ешқайда жібермей қоюы да ықтимал. Себебі командада шабуылшы тапшы. Антони Марсиаль үнемі жарақат алып қала берсе, Маркус Рашфорд тұрақты емес. 

Дерекөздің ақпараты бойынша, осыған байланысты Эрик тен Хаг орталық шабуылшыны сатып алуды жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, биыл Роналду АПЛ-де мүлде көзге түсе алмады. Ал Еуропа лигасында "Шериф" қақпасына пенальтиден бір гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport