Футбол
Бүгін 07:39

Роналду қыруар ақшаға өзі ойнаған клубты сатып алмақ

©x.com/AlNassrFC

Атақыт португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду қазіргі таңда өзі өнер көрсетіп жүрген "Әл-Насрдың" иесі атануы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

A Bola мәліметінше, португалиялық футболшы "Миланның" иесі Джерри Кардиналемен және бизнесмендер Ибрагим әл-Мухайдиб, Мохаммед әл-Хурайиджи және Шараф әл-Хариримен бірге Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорына (PIF) "Әл-Насрды" сатып алу жөнінде ресми ұсыныс дайындап жатыр.

Роналду мен RedBird Capital Partners компаниясын басқаратын Кардинале бұл ықтимал мәміледе негізгі тұлғалар болуы тиіс. Қаржылық жоспарға сәйкес, консорциумның бес қатысушысының әрқайсысы кемінде 92 миллион еуродан инвестиция салады. Бұл қаражат клубты ауқымды қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Келіссөздер шешуші кезеңге өтті. Алдағы 48 сағатта RedBird Capital пен консорциум өкілдері PIF басшылығымен шұғыл кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Дәл осы кездесу мәміленің одан арғы тағдырын анықтауы тиіс: мемлекеттік қор "Әл-Насрды" бақылауға беруге келіседі немесе келіссөз нәтижесіз аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport