Роналду кетсе "Манчестер Юнайтедті" не күтіп тұрғаны айтылды

©Reuters

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы Гари Невилл командадан Криштиану Роналду кететін болса, клуб турнир кестесінің түбіне түсіп кетеді деп есептейді, деп хабарлайды Sport24.ru.

"Манчестер Юнайтед" Роналдудан айырылса, оларда алаңның гол соғатын аумағында ешкім қалмайды. Ал ол кетіп қалып, орнына нашар ойыншы алып қойса, команда АПЛ маусымын кестенің ең соңындағы орынмен аяқтайтынына кәміл сенімдімін", - дейді Невилл. 

Еске салайық, "МЮ" АПЛ-дің биылғы маусымындағы екі ойынында ұтылды - "Брайтон" (1:2 өз алаңында) және "Брентфордтан" (0:4 сырта алаңда). 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport