Роналду Катардан кетуі туралы ақпаратқа өзі жауап берді

9 желтоқсан 2022 10:10
©Global Look Press

Португалия құрамасының шабуылшысы Кариштиану Роналду Катардағы әлем чемпионатынан кетіп қалмақ деген қауесет тарады. Осыдан кейін футболшының өзі әлеуметтік желіде пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында португалиялық ойыншы өзін алаңға шығармай, қосалқы ойыншылар қатарында отырғанына наразы. Тіпті осы үшін ӘЧ-ден кетіп қалмақ деген ақпарат тараған болатын. 

"Командамыздың ауызбіршілігі мықты, сондықтан сырттан келіп ешкім іріте алмайды. Біздің ұлт батыл, ешкімнен қорқып қалмаймыз. Команда арманы үшін соңына дейін күреседі! Бізбен бірге сеніңіздер! Алға, Португалия!" - деп жазыпты Роналду Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар