Роналду Қатардағы ӘЧ-да фаворит құраманы атады

©FIFA

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Қатардағы әлем чемпионатында өз командасының мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sport 24.

"Біздің команда мундиальға толыққанды дайын. Жарқын жеңістерге жетуге асықпыз. Португалияны әлемдегі ең мықты құрамалардың қатарына жатқызамын. Бірақ мықты екенімзді іс жүзінде дәлелдеуіміз керек", - дейді Роналду.

Еске салайық, Португалия ойыншылары Н тобында Гана, Оңтүстік Корея және Уругвай құрамаларымен кездеседі. Португалиялықтардың алғашқы матчі 24 қараша күні Гана командасына қарсы өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport