Сауд Арабия футбол федерациясының президенті Ясир Әл-Мишаль "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналдуды өз елінде ойнауға шақырғысы келетінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Оның айтуынша, екеуара келісімшарт екі жаққа да қаржылай жағынан тиім болады дейді.
"Әрине, біздің елдің чемпионатында Криштиану Роналду секілді ойыншының болғанын қалаймыз. Лигамыздың көркеюіне көмегін тигізер еді. Оның үстіне соңғы жылдары Англия біріншілігінен бірнеше футболшы біздің елдің клубтарына ауысты. Роналду Саудия чемпионанатына қымбатқа ауысатыны белгілі. Бірақ біздің де елдің клубтары трансферлер мен маркетингтің арқасында жақсы ақша тауып жүр. Сондықтан Роналдудың бізге келгенін қалаймын. Қаңтар айында чемпионатқа алып келе аласыз ба дейсіз бе? Бұл сұраққа жауап беру қиын. Себебі мен жеке клубтың президенті емеспін", - дейді Әл-Мишаль The Athletic басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Криштиану Роналду биыл Англия чемпионаты басталғалы негізгі құрамға ілікпей қалды. Командаға жаңадан келген бапкер Эрик Тен Хаг португалиялық форвардты тек екінші таймда алаңға шығарып жүр.