Роналду қаңтарда "Манчестер Юнайтедтен" кетуі мүмкін

©МЮ ФК

"Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду қаңтарда командадан кетуі мүмкін. Бұл трансферге бас бапкер Эрик Тен Хаг та қарсы емес, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

The Telegraph ақпараты бойынша, осыған дейін Роналдудың кетуіне қарсы болған бапкер ойын өзгертіпті. Енді тен Хаг шабуылшы үшін басқа командадан жақсы ұсыныс түсетін болса, трансферге кедергі болмайды. 

Ал Роналдудың өзі алдағы уақытта көбірек ойын уақытын алып, Катарда өтетін әлем чемпионатына дұрыстап дайындалуға ниетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport