Футбол
24 мамыр 2023 12:34

Роналду жеңіс голын салды. "Әл-Наср" 0:2-ден камбэк жасай алды

©twitter.com/AlNassrFC_EN

Сапында португалиялық Криштиану Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" Сауд Арабиясының 28-турында "Әл-Шабаб" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Эр-Риядта өткен кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. "Әл-Наср" 0:2 болып ұтылып жатқан, дегенмен жеңісті жұлып ала алды. Жеңімпаздар сапында Андерсон Талиска (44-минут), Абдулрахман Гариб (51) және Роналду (59) гол салды. Ал ұтылған командадан Кристиан Гуанка (25-минут және 40-мунатта пенальти) дубль жасады.

Бұл Роналдудың саудиялық клуб үшін салған 14-добы, сонымен бірге, ол екі ассист жасады. "Әл-Наср" 63 ұпаймен турнир кестесінде екінші келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport