Футбол
19 желтоқсан 2019 11:28

Роналду жеңіс голын 2,56 метр биіктен салды

© Soccernews.ru
Туриндік "Ювентус" Италия чемпионатының 17-ші турында сырт алаңдағы матчте "Сампдорияны" ұтты.

Генуяда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқтады. "Ювентус" сапында Пауло Дибала (19-шы минут) және Криштиану Роналду (45-ші) гол салды. Ұтылған командада Джанлука Капрари 35-ші минутта гол соғып, кейін екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Ал Роналду жеңіс голын соққанда 71 сантиметр жоғары секірді. Допты тепкен сәтте португалиялық ойыншы жерден 256 сантиметр биіктікте болған.